16
Қаңтар
2020
Жас сарбаз
Мектебіміздің Жас сарбаз сыныбында "Адалдықпен өмір бастаймыз" тақырыбында сыныптан тыс сағат өткізілді. Мақсаты: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту, қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалауды үйрету болды. Сабақ барысында: • Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер? • Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет? • Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? - деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларымен бөлісті.










