🔶19 ҚАРАШАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WORLDSKILLS-2023 ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ » Школа-лицей № 38
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа-лицей №38"
отдела образования города Семей
управления образования области Абай
Приемная :
+7(7222) 33-23-37
Бухгалтерия:
+7(7222) 33-22-20
Версия для
слабовидящих
» » 🔶19 ҚАРАШАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WORLDSKILLS-2023 ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ
19
октябрь
2023

🔶19 ҚАРАШАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WORLDSKILLS-2023 ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

jkbkb
jkbkb

📣Осы жылдың 19-27 қарашасы аралығында «Expo» Халықаралық көрме орталығында республикалық WorldSkills-2023 чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде белгілі болды.

🎙️«Talap» КеАҚ президенті Шолпан Өтелбаева атап өткендей, чемпионатқа республиканың 20 өңірінен 545 қатысушы, 520 сарапшы қатысады. Мақсаты - жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту және т.б.

💬«Чемпионат 7 бағыт және 30 құзыреттілік бойынша өтеді. WorldSkills чемпионатында ашықтықты қамтамасыз ету үшін сарапшыларды іріктеу және бағалау жұмыстары автоматтандырылған. Ұлттық оператормен алғаш рет осы жылы WorldSkills стандарттары бойынша 400 өңірлік сарапшылар оқытылып, сарапшыларға ашықтық пен сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті процедураларды, оның ішінде критериалды бағалаудың мәнін түсінуге мүмкіндік берілді», - деп атап өтті Шолпан Өтелбаева.

🇫🇷Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар Францияның Лион қаласында 2024 жылы 10-15 қыркүйек аралығында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

🌟Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Польшада өткен EuroSkills Gdańsk жарысында Қазақстан құрамасы өз тарихында ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальон» иеленген болатын.

✍️Аппараттық кеңес отырысын қорытындылай келе, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармаларының басшылары мен «Talap» КеАҚ-на чемпионатқа қатысушылардың дайындығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және басқа да қажетті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив