16
январь
2020
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде мектеп ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде мектеп ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Ұйымыға барлығы 86 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай орындайтынын айиып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және мектеп ұстаздары мен ата-аналары жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Р.Оспанов сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.