13
октябрь
2022
Жас сарбаз сыныбы
#38мектеп -лицейінің "Жас сарбаз" 8 "Д"-сыныбында ана тілін құрметтеу, тіл тазалығы мен сауаттылығын дәріптеу арқылы қазақстандық патриотизмды қалыптастыру мақсатында "Тіл-ұлттың жаны" атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Тәрбиеші-офицер Ж.Б.Джумакановтың жетекшілігімен өткізілген іс-шара бірнеше кезеңдерден құрылып, оқушылардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, оқушылар ұжымын нығайтуға зор ықпал етті. Ана тілін құрметтеу арқылы патриоттық сезімдеріне әсер етті. Тәрбиелік іс-шара соңында "Атамекен"әні шырқалып, сайыс қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. К. Смагулованың алғысына бөленді. "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларына және жетекшісі Жұмабек Бейсекұлының еңбек жолына шығармашылық табыс тілейміз!
















